10:52, 11 Шілде 2009 | GMT +5
Ким Чен Ир қатты науқастанып жатыр
ПХЕНЬЯН. Шілденің 11-і. ҚазАқпарат - Корея Халық Демократиялық Республикасының басшысы Ким Чен Ир ауыр науқастанып жатыр және биылдан қалмауы мүмкін.

Бұл туралы британдық The Daily Telegraph басылымы жазған.
Солтүстік Корея басшысы инсульт болып, одан айығып кетуін қант диабеті мен жүрек ауруы қиындатқан. Оның отбасына жақын дерек көздің айтуынша, Ким Чен Ир қазір ешқандай шешім қабылдамайды, елді Саяси бюроның бір топ мүшесі басқаруда.
Солтүстіккорейлік телеарна жақында Ким Чен Ирдің әкесінің мемориалына барған кезін көрсетті. Экранда Солтүстік Корея басшысының науқас екендігі байқалып тұрды, деп жазады британдық басылым. ҚазАқпарат бұл туралы «Эхо Москвы» радиостансасына сілтеме жасап хабарлайды.