Ким Чен Ир ядролық бағдарлама жөніндегі келіссөзге оралуға әзір

АСТАНА.  Қазанның  6-сы.  ҚазАқпарат - Пхеньян  өзінің ядролық     бағдарламасына   қатысты келіссөзге,  оның ішінде алтыжақты келіссөзге оралуға талпынуда,  

Ким Чен Ир  ядролық бағдарлама  жөніндегі   келіссөзге  оралуға  әзір

 деп мәлім етті  Солтүстік    Корея басшысы Ким Чен Ир.  Бұл туралы Associated Press  агенттігі  қытайлық   бұқаралық ақпарат құралдарына  сілтеме  жасап хабарлады. 

Ким Чен Ир  бұл мәлімдемені   Солтүстік   Кореяда   сапармен жүрген   Қытай Халық Республикасы  Мемлекеттік  кеңесінің премьері   Вэн Цзябаомен болған  кездесу барысында  жасады.

Қытай   Солтүстік Кореяның ең  жақын одақтасы  және    көбіне үндемей   құтылатын    корейлік  мемлекеттің    іс жүзіндегі  басшысы   болып табылады.  Сондықтан да, Бейжің  қаласа,    солтүстіккорейлік  режімді алтыжақты келіссөзге  қайтара алады,  деп сенеді Батыс елдері.

Кореяның ядролық бағдарламасы   жөніндегі алтыжақты  келіссөзге  АҚШ, Ресей,  Жапония,   Қытай  және   қос Корея елі  қатысады.