Ким Чен Ирдің арнаулы пойызы Қытайдың Тяньцзинь қаласына келді
деп хабарлады жапонның «КИОДО» агенттігі Бейжіңдегі дипломатиялық дереккөзге сілтеме жасап.
Арнаулы пойыз Бейжіңнің оңтүстік-шығысында 180 шақырым жерде орналасқан және ірі экономикалық орталықтың бірі саналатын қалаға жергілікті уақыт бойынша сағат 08.00-де (астана уақыты бойынша сағат 6.00-да) келіп тоқтаған.
Ал кеше таңертең бұл пойызды - Цзиньчжоу қаласының әуежайында, ал кешке - Даляньда көргендер бар. Жоғары лауазымды қонақтың жол бағдары құпия сақталуда. Дереккөздер, Ким Чен Ир ендігі аялдаманы Бейжіңде жасайды деп пайымдауда.
Қытайдың Сыртқы істер министрлігі Солтүстік Корея басшысының елге сапары туралы фактіні не қуаттамай, не теріске шығармай отыр.