Ким Чен Ын 6 министрді өлім жазасына кесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - КХДР-да жоғары лауазымды тұлғаларды қатаң тазарту өтт. Ким Чен Ын алты министрді ату жазасына бұйырды, деп хабарлады Утро.
Жоғары лауазымды шенеуніктерді жазалау туралы белгісіз біреу хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, өлім жазасына кесілгендердің арасында телекоммуникациялар министрі Сим Чоль Хо, сонымен бірге генерал Ли Пьон Чоль бар. Атап өтерлігі, КХДР мемлекеттік телеарнасы жақында Ким Чен Ынның ресми сапарларынан алынған кадрлардың бірін көрсетіп, диктатордың өлімі туралы сыбысты жоққа шығарған еді. Өлім жазасының немен байланысты екені, сонымен бірге Ким Чен Ынға ұнамсыз шенеуніктердің қалай өлтірілгені хабарланбай отыр.