16:08, 03 Тамыз 2012 | GMT +5
Ким Чен Ын екі Кореяны біріктірмекші
АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Кореяның Еңбек париясының бірінші хатшысы Ким Чен Ынның алдағы уақытта шешілуі тиіс ең өзекті мәселелердің бірі - «сыртқы күштердің салдарынан екіге бөлінген» Кореяны біріктіру деп санайды.

Бұл мәселенің шешімі «ешқандай сылтауларға қарамауы» тиіс. Бұл туралы «Ким Чен Ирдің идеясын іс жүзінде іске асырып, өркендеп келе жатқан мемлекеттің дамуын жалғастырайық» атты Ким Чен Ынның тәжірибелік еңбегінде жазылған, деп хабарлады Утро. ру.
Бүгін мемлекеттік ақпараттық агенттіктің барлық арналары арқылы таратылған аталмыш жұмыста Ким Чен Ын елдің солтүстік, оңтүстік немесе шетелде тұратын корейліктерді «ұлтты біріктіруде белсенділік танытуға шақырды».