Ким Чен Ын КХДР әскерінің маршалы болды
АСТАНА. 18 шілде. ҚазАқпарат - Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын әскер басшылығындағы ауыс-түйістерден кейін Корей Халық Демократиялық Республикасы әскерінің маршалы болды,
деп хабарлады Би-Би-Си.
Солтүстік Кореяның мемлекеттік ақпараттық агенттігі бұл жаңалықты аңдатпада беріп, жергілікті уақыт бойынша сағат 12.00-де Пхеньян «маңызды жаңалық» хабарлайды деп жариялады.
Жексенбі күні әскердің бас штабының басшысы Ли Ён Хо отставкаға жіберілді. Ол КХДР-дың бұрынғы көшбасшысы Ким Чен Ирмен жақсы таныс болған. Солтүстік Корея әскерінің бас штабының басшысы лауазымына генерал Хон Ён Чхоль тағайындалды.
Ким Чен Ын 2011 жылдың желтоқсан айында әкесі Ким Чен Ирдің қайтыс болғанынан кейін мемлекетті басқарған болатын.