Ким Чен Ын немере ағасын не үшін ату жазасына кескені анықталды
АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - КХДР көшбасшысы Ким Чен Ынның туған немере ағасы - Чан Сон Тхэктің нақты қандай жазаға тартылғаны белгілі болды.
Мұндай ақпаратты Оңтүстік Корея БАҚ-ына сілтеме жасап, Sky News телеарнасы таратты. Генерал Чан Сон Тхэк бейсенбі күні, 12 желтоқсанда, арнайы әскери трибуналдан кейін жазаға кесілген.
Пхеньян өлтірілген генералды «сатқын» деп атады. Ресми нұсқа бойынша, Ким Чен Ынның немере ағасы "сорақы қылмысы" - "әр түрлі қастық іс-әрекет және басқа да арам әдістердің" көмегімен төңкеріс жасап, елдегі билікті өз қолына алуға тырысқан.
Чан Сон Тхэк туралы бүкіл әлем бір апта бұрын ғана білді. КХДР билігі бастапқыда Солтүстік Корея көшбасшысының немере ағасын елдің ұлттық қорғаныс комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен шеттетті. Содан кейін оның бейнесі жаңалықтар хабарынан алынып тасталды, ал 9 желтоқсанда Ким Чен Ын туысының партияға қарсы фракциялық қызметпен айналысқаны және екіжүзді саясат жүргізгені белгілі болды.
Сонымен қатар, КХДР қазіргі басшысының әкесі Ким Чен Ир қайтыс болып, елде қаралы күндер болғанда Чан Сон Тхэктің есірткі қолданғаны және құмар ойындар ойнап көңіл көтергені анықталып отыр.