Ким Чен Ын Солтүстік Кореяның қорғаныс министрін ауыстырды

АСТАНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат - Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ын елдің жаңа қорғаныс министрін тағайындады, деп хабарлайды Кореяның орталық телеграф агенттігі.

Ким Чен Ын Солтүстік Кореяның қорғаныс министрін ауыстырды

Аталған лауазымға генерал Чен Чон Нам ие болды.

ВВС агенттігінің жазуынша, генералдың нақты жасы белгісіз. Бұдан бұрын хабарланғандай, ол Солтүстік Корея әскері бірінші корпусының қолбасшысы қызметін атқарған.

Сарапшылардың пікірінше, билікке 2011 жылы келген Ким Чен Ын аға ұрпақ генералитеті тарапынан ықпалды сезінуде және қорғаныс министрін ауыстыру арқылы елдегі көшбасшылықты сақтап қалу ниетін көздейтінге ұқсайды.