Ким Чен Ын «Жыл адамы» болуы мүмкін

АСТАНА. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат - Time журналының нұсқасы бойынша, 2012 жылғы «Жыл адамы» атағы солтүстіккореялық жас көшбасшы Ким Чен Ынға бұйыруы мүмкін.
None
None

 Оған Интернетте ең көп дауыс беріліп отыр. Оның рейтингіде бірінші орынға шығуы белгілі болып қалды, өйткені одан кейінгі екінші орында тұрған египет президенті Мұхаммед Мурсиден ол жарты миллион дауысты көп жинап отыр.

«Ресей 24» телеарнасының мәліметтері бойынша, Барак Обама тоғызыншы орында келе жатыр. Жергілікті блоггерлер бұның себебін түсіне алмай әлек, әлде бүкіл солтүстіккореялықтардың қолына жаппай интернат ұстатқан ба, әлде оқырмандар әзілдеп отыр ма, деп мысқылдайды олар. Бұған дейін американдық сықақ басылымы, солтүстіккореялық көшбасшыны жылдың секс-символы деп атағанда, қытайлық баспасөз сеніп қалып, жариялап жібергені бар.

Соңғы жаңалықтар