Ким Чен Ын зымыранды жасап шығарушыларға мемлекеттік наградалар табыстады

«Бұл оқиға экономиканы дамытумен бір мезгілде ядролық күштерді нығайту жөніндегі партия таңдаған бағыттың негізділігін растады», - деп келтіреді республика көшбасшысының сөзін КОТА агенттігі. Ким Чен Ын қорғаныс өнеркәсібімен айналысатын ғалымдар мен технологтар «Жасап шығар немесе өл!» ұранымен әскери кепілдіктерді қамтамасыз етуде жаңа табыстарға қол жеткізетініне сенімді.
Құрлықаралық баллистикалық зымыранын жасап шығарғандар Ким Ир Сен, Ким Чен Ир ордендерімен марапатталды. Оларға «Балға мен орақ» белгіленген алтын медальдар мен Мемлекеттік ту бірінші дәрежелі ордені табыстала отырып, КХДР Батыры, КХДР Еңбек Ері атағы берілді. Ал технологтардың, жұмыскерлер мен инженерлердің үлкен тобына Ким Ир Сен мен Ким Чен Ирдің бейнесі бейнеленген сағаттар мен қазіргі ел көшбасшысының нақыл сөздері топтастырылған жинақ табыс етілді.
КОТА деректеріне сәйкес, Ким Чен Ын зымыранды ұшыру туралы бұйрыққа 3 шілдеде қол қойған. Ол полигондағы сынаққа өзі басшылық етті. Зымыранның ұшырылым уақыты - 39 минутты, ұзақтығы - 933 шақырымды, биіктігі 2802 шақырымды құрады.