03:56, 03 Қаңтар 2015 | GMT +5
Ким Чен Ынның қарындасы тұрмысқа шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - КХДР көшбасшысы Ким Чен Ынның 28 жастағы қарындасы Ким Е Чжон Корея Еңбек партиясы Орталық Комитеті хатшысының ұлына тұрмысқа шықты. Бұл туралы оңтүстіккореялық «Ренхап» агенттігі Қытайдағы беделді дереккөзге сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлады Лента.ру.
Агентттік Ким Е Чжонның қайынатасы - Еңбек партиясының хатшысы Цон Рен Хэ ықпалы жағынан КХДР-дағы екінші адам деп саналатынын атап өтті. Көшбасшының қарындасы оның Цой Сон деген кіші ұлына шыққан, ол қазір 30 жастан сәл ғана асқан көрінеді. Күйеудің лауазымы құпия ұсталып отыр. Ал Ким Е Чжонның өзі - Еңбек партиясы Орталық Комитетінде бөлім бастығы.
2 қаңтарда, жұма күні солтүстіккореялық БАҚ Ким Е Чжонның өзінің ағасымен бірге Жаңа жылда балалар үйінде болған кезіндегі фотосуретін жариялады. Оның сол қолында неке сақинасына ұқсайтын жүзік болған.