Ким Чен Ынның кеңесшісі жол-көлік апатында қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Корей Халықтық Демокрталиялық Республикасының жоғары лауазымды басшыларының бірі, Орталық комитет саяси бюросының мүшесі және Кореяның Еңбек партиясы хатшысы Ян Гон жол-көлік апатында қаза тапты, деп хабарлады ВВС агенттігі.
None
None

73 жастағы партия қызметкері елдің Оңтүстік Кореямен байланысына жауапты тұлға болған. Ол тамыз айында екі ел арасындағы қарым-қатынасты реттеуге қатысқан.

Мемлекеттік ақпараттық агенттік оны Ким Чен Ынның жақын серігі, революционер деп жазды.

Соңғы жаңалықтар