Ким Чен Ынның нағашы атасының зираты Оңтүстік Кореядан табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ынның нағашы атасы Ко Ген Тхэктің зираты Оңтүстік Кореяның Чечжу атты курорттық аралынан табылды.

Ким Чен Ынның нағашы атасының зираты Оңтүстік Кореядан табылды

Бұл туралы оңтүстіккореялық «Чосон ильбо» газетіне сілтеме жасап, ria.ru хабарлайды.

Ко Ген Тхэк 1913 жылы Чечжу аралында туылған. Ал 1929 жылы отбасымен Жапониядағы Осако қаласына көшіп барады. Сол жерде ұлы мен екі қызы өмірге келеді. Екі қызының бірі қазіргі КХДР жетекшісінің әкесі - Ким Чен Ирге тұрмысқа шығады. 1962 жылы Ко Ген Тхэк Жапонияда ұсталып, Солтүстік Кореяға жер аударылады. Осы күнге дейін оның қайда жерленгені белгісіз болып келген.

Оңтүстіккореялық ғалымдар Ко Ген Тхэктің зиратын аралдың астанасы Чечжу қаласының маңынан тапты. Корейлердің салты бойынша мүрдені өртеген соң, күлі салынған құмыраны жерге көміп, үстіне плита төсейді. Ко Ген Тхэктің зиратының ұзындығы шамамен 50 сантиметр, ал ені 40 сантиметр екен.