«Кім миллионер болғысы келеді» хабарын көрсеткені үшін Walt Disney 270 млн. доллар төлейді

АСТАНА. Шілденің 8-і. ҚазАқпарат - Американдық медиаконгломерат Walt Disney британдық Celador компаниясына 177 млн. фунт стерлинг (270 млн. доллар) көлемінде тұрақсыздық айыппұлын төлейді. Еуропалық компания өкілдерінің айтуына қарағанда, авторы Celador болып табылатын «Кім миллионер болғысы келеді» бағдарламасын көрсеткені үшін төленетін төлем туралы мәселе көтеріліп отыр, деп хабарлайды РБК.
None
None

Мұндай шешімді Калифорния соты шығарды. Телеойын авторлары американдық әріптестерінің келісім-шарт бойынша хабарды көрсетуден түсетін кірістің 50 пайызын төлеуден жалтарып отыр деп айыптады. Келтірілген шығынды Celador 177 млн. фунт стерлинг деп бағалады. Сондай-ақ, бұл сомаға бағдарламаның тауарлық белгілерінің сатылуынан түскен пайда да кіреді.

Бағдарлама алғаш рет 1998 жылы қыркүйектің 4-інде ITV-1 телеарнасынан көрсетілген болатын. Франчайздық келісім негізінде 1999 жылы бағдарламаны АВС арнасы көрсете бастады. Дегенмен, кейінірек келісім-шартқа қатысты әріптестер арасында алауыздық пайда болды.

Соңғы жаңалықтар