18:03, 30 Наурыз 2016 | GMT +5
Əкімдердің журналистерді «қара тізімге» енгізетін құқығы жоқ - Т.Донақов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін «қара тізімге» енгізетіндей, əкімдердің құқығы жоқ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде журналистердің сұрағына жауап бере отырып, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министр Талғат Донақов мəлім етті.

«Қазір ақпараттың ашықтығы туралы заң жұмыс істеп тұр, заңда тайға таңба басқандай жазылған: ақпаратты шектеуге болмайды жəне ақпарат таратуда əкімдердің журналистерді «қара тізімге» енгізуге қақысы жоқ. Айтпақшы, заңда ақпаратты шектеген адам жазаға тартылатыны да айтылған. Сондықтан, бəріміз осы заңға бағынуымыз керек»,-деді Т.Донақов.
Ал, Премьер-министрдің орынбасары Д.Назарбаеваның айтуынша, осы заң мемлекеттік органдар мен орталық жəне жергілікті атқарушы органдарды кез келген құжат қабылданғаннан кейін үш күннен соң интернетке жариялауды міндеттейтін болған соң, ақпаратты шектеу мəселесі өзінен өзі жойылады.