Əкімдік LRT құрылысына бөлініп, Астана банкінде «бұғатталған» қаржының тағдырын айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана LRT» компаниясының басшысы Бекмырза Игенбердинов «Астана банкінде» бұғатталып қалған 200 млн доллардан астам қаржының тағдырын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«LRT (жеңіл рельсті көлік - ескерту) құрылысына бөлінген бұл қаражат тарифке де, Астананың қоғамдық көлігіндегі қазіргі ахуалға да еш қатысы жоқ. Ол қайтарылатын болады», - деді Б. Игенбердинов
Оның айтуынша, бұл мəселе Үкіметтік деңгейде қарастырылған және аталған қаражатты қайтару жоспары əзірленіп отыр.
Бұған дейін LRT жобасын жүзеге асыруға 2018-2019 жылдары 16,2 миллиард теңге қарастырылатындығы хабарланған болатын.