Кінәсіз адамды 25 жылға түрмеге отырғызған прокурор 10 күнге түрмеге қамалды

АСТАНА. 10 қараша. ҚазАқпарат - АҚШ-та кінәсіз адамды 25 жылға соттағаны үшін прокурор 10 күнге түрмеге қамалды.
None
None

Сот анықтағандай, Техас штатының аймақтық прокуроры Кен Андерсон сотталған Майкл Мортанның әйелінің өліміне қатысы жоқтығын растайтын дәлелдерді жасырып қалған.

Кінәсіз ер адамды 1987 жылы түрмеге қамаған. Ол тек 2011 жылы ДНҚ сараптамасы жүргізіліп, кісі өлтіруге қатысы жоқ екені дәлелденген соң ғана босатылған.

Прокурор сотта Мортаннан кешірім сұрады. Андерсон 10 күнге түрмеге қамалды және оған 500 сағат түзету жұмыстары және 500 доллар айыппұл жазасы кесілді. Сондай-ақ, заңгерлік тәжірибе жүргізуге тыйым салынды.

Соңғы жаңалықтар