16:30, 09 Қаңтар 2009 | GMT +5
Кинематография мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өтті
АСТАНА. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін Астана қаласының Халықаралық баспасөз орталығында «Әлемдік мәдениеттегі қазақстандық кинематография» тақырыбында дөңгелек үстел өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аталмыш шараға қазақстандық продюссерлер, кино,театр әртістері қатысты. Олардың қатарында Ғани Құлжанов, Болат Мажағұлов, Арман Әсенов, Сұлтан Ысрайылов, Қаршыға Игенов бар. Сонымен бірге, басқосуға «Киноман» журналының бас редакторы Ирина Мусиян, ҚР Мәдениет және өнерді қолдау қоры директорының орынбасары Айжан Жұмабаева арнайы шақырылды. Дөңгелек үстел басында отандық киноөнімдерге деген көрермендердің көзқарасы, қызығушылығы неге төмен деген тақырыптар, сондай-ақ қазақстандық фильмдердің сапасы мен олардың республикалық кинотеатрларда көрсетілу мәселелері талқыланды.