Кинематография саласының үздіктері «Құлагер-2009» ұлттық жүлдесімен марапатталды

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Кеше Алматыда ҚР Кинематография одағының ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін «Құлагер-2009» ұлттық кинематография жүлдесімен лауреаттарды марапаттау салтанаты өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Марапаттаудың негізгі мақсаты - ұлттық кинематографтың өткен жылдағы сапалық деңгейінің дамуын бағалау. «Құлагер-2009» жүлдесінің «ұлттық киноөнерінің тарихнамалық еңбегі» аталымы бойынша Меңтай Өтепбергенов және Тамара Ысмайылова марапатталды.

Деректі кино түсірілімі бойынша «Ештеңеге бергісіз Нұрмұхан» еңбегімен Болат Шәріпов және «Бекзат» туындысы үшін Сатыбалды Текеев марапатталды.

Көркем кинолар арасында «Қазақфильм» АҚ шығарылымындағы «Келін» фильмі ең үздік деп танылды.  «Үздік режиссерлік еңбек» аталымы  осы  фильмнің  режиссері  Ермек Тұрсыновқа бұйырды.  Сонымен қатар режиссер Ақан Сатаевтың «Адасқандар» фильмі де жылдың  үздік фильмі деп танылды.

Жүлде шеңберінде кинематография қайраткерлеріне құрметті «Экран шебері» атағы табыс етілді. Қазақ ұлттық кинематографиясының дамуына үлес қосқаны үшін - Дариға Тыналина, Күлпән Ахметова, Тұрар Дүйсебаев, Болат Омаров және Серік Апырымов сияқты кинорежиссерлер аталмыш атаққа ие болды.

Соңғы жаңалықтар