Кинематографияға бөлінетін ақша сапалы өнімге жұмсалуы қажет - Елбасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кинематографияға бөлінетін ақша сапалы өнімге жұмсалуы қажет. Бұл туралы бүгін 6-шы шақырылған ҚР Парламентінің үшінші сессиясының ашылуында сөз сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«2018 жылы қоғамды рухани жаңғыртумен байланысты бірқатар бағыт  бастау алады. Біріншіден, біз қоғамдық сананы жаңғырту бойынша жұмыстарды бастадық. Сондықтан бізге өзгенің ескірген догмасына жабысудың қажеті жоқ. Біздің өзіміздің тәжірибеміз, құндылықтарымыз, даму жолымыз бар. Мәдениет саласы айрықша мәнге ие. Сондықтан бұл саладағы заңнаманы жетілдіру талап етіледі. Атап айтқанда, заң жобалау жұмысымыздың  жоспарында бірінші рет кинематография туралы заңды қабылдау бар. Бұл ретте отандық киноиндустрияны одан ары дамыту үшін концептуалды негіздерді айқындау қажет», - деді Елбасы.

Осы орайда Мемлекет басшысы соңғы жылдар ішінде отандық телеарналар мен киностудиялар бұл бағытта белсенділік таныта бастағандығын айрықша атап өтті.

«Кинематографияға бөлінетін ақша сапалы өнімге жұмсалуы қажет. Фильмдердің санын қуудың еш қажеті жоқ», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар