Кино тарихындағы ең көп табыс тапқан актриса анықталды

АСТАНА.KAZINFORM - «Аватар» жұлдызы Зои Салдана ең көп табыс тапқан актриса ретінде тарихқа енді. Ол Скарлетт Йоханссонды басып озды.

Названа самая кассовая актриса за всю историю кино
Фото: Variety

Оған «Аватар: Су жолы» филімінің табысы негізгі себеп болды. Оның дәл қазіргі уақыттағы табысы 1,23 миллиард доллар.

The Numbers журналының мәліметі бойынша, Салдананың қатысуымен түсірілген картиналар 15 миллиард доллардан астам табыс тапқан.

Оның кассалық кірісінің негізгі бөлігі Disney-дің екі ірі франшизасынан - Marvel Cinematic Universe фильмдерінен және «Аватар» трилогиясынан түсті. Скарлетт Йоханссон екінші орынға түсті, ал Сэмюэл Л.Джексон үшінші орында.

Кино тарихындағы ең көп табыс тапқан актриса анықталды
Фото: The Numbers парақшасынан алынған скрин

47 жастағы актриса барлығы 123 марапатқа ұсынылды. Ол «Оскар», «BAFTA», «Канн кинофестивалі» және бірнеше «Сыншылардың таңдауы» сияқты беделді марапаттардың иегері. Салдана сонымен қатар «Алтын глобус» және «Киноактерлер гильдиясының» сыйлығын жеңіп алды.

Бұған дейін үшінші «Аватар» фильмінің кассасы 1 миллиард доллардан астам қаражат жинағанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар