Кинопрокаттағы отандық фильмдердің үлесін көбейту керек – Үкімет басшысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мәдениет және спорт министрлігіне бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Бұқаралық спортты дамытуды, саламатты өмір салтын насихаттауды көтеру қажет. Сонымен қатар, жалпы кинопрокаттағы отандық фильмдердің үлесін және қоғамдық маңызы бар әдебиетті басып шығару мен таратуды көбейту қажет. Мәдениет және спорт министрлігі бұл жұмысты тиісті деңгейде орындауы керек», - деді Ә. Смайылов Үкімет отырысында Президенттің ҚР Парламенті сессиясының ашылуында берген тапсырмаларын іске асыру барысын талқылау кезінде.

Оның айтуынша, туристік саланың әлеуетін арттыру үшін Мәдениет министрлігі инфрақұрылымды дамыту және қызмет көрсету сервисін жақсарту мәселелерін кешенді шешу жөніндегі шараларды әзірлеуі қажет.

«Заңнаманы жетілдіру, оның ішінде елді мекендерден тыс жерлерде және ұлттық парктердің аумақтарында инфрақұрылым салу ісі бойынша әкімдіктердің құзыреттерін заң аясында нақты бекітіп беру керек. Сонымен бірге бұл саланы кәсіпқой әрі білікті кадрлармен қамтамасыз ету маңызды. Ең басты мәселе – қолайлы туристік климатты қалыптастыру. Министрлік «Атамекен» палатасымен бірлесіп, осы салада бизнес жүргізу үшін барынша қолайлы жағдай жасау мәселелерін пысықтауы қажет», - деді Премьер-Министр.


Соңғы жаңалықтар