Кинотеатрдағы терактіден 5 адам ажал құшып, 30-дан астамы жараланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәкістанның солтүстік-батысында орналасқан Пешавар қаласындағы кинотеатрлардың біріне террористер шабуыл жасаған.

Кинотеатрдағы терактіден 5 адам ажал құшып, 30-дан астамы жараланды

Салдарынан 5 адам ажал құшып, 30-дан астамы жараланды.

Сеанс уақытында белгісіз біреулер жүзден астам адамы бар көрермендер залына 2 граната лақтырған, деп хабарлады "Әл-Жазира" телеарнасы. Жергілікті полицейлердің деректеріне қарағанда, шабуыл жасағандар ізін суытып үлгерген. Белгілі экстремистік ұйымдардың ешқайсысы да әзірге бұл қастандықты өз мойындарына алмай отыр, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.