Кинотеатрлардың жұмысын жандандыру мәселесін қарастырудамыз – Алексей Цой

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой кинотеатрлардың жұмысын жандандыруға қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кинотеатрлардың жұмысын жандандыру мәселесін қарастырудамыз  – Алексей Цой

«Жалпы кинотеатрлардың жұмысын жандандыра алатындай мәселелерді пысықтап жатырмыз. Жағдайды бағалап, тиісті орындармен ұсыныстарды талқыладық. Театрлар секілді олардың да (кинотеатрлардың) жұмысына рұқсат беру бойынша нақты ұсыныстар бар. Қазір бұл мәселе шешілуде», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Сондай-ақ министр, бұл ретте мәселен ұшаққа неліктен рұқсат берілгенін, неліктен кинотеатрлардың жұмысына әлі де шектеу барын түсіндірді.

«Көлік – күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі іспеттес. Бір аймақтан екіншісіне барар кезде адамдар әртүрлі мақсатты көздеп, емделу үшін де ары-бері жүруі мүмкін. Сондықтан біз бұл ретте көліктің маңызы жоғары деген (кинотеатрдан) қағидатқа сүйенеміз. Ең бірінші көліктерге рұқсат берсек, содан кейін ғана ойын-сауық саласына мән беріледі», - деді ол.