KIOGE-2015 көрмесі келешегі бар жобалар бойынша өзара уағдаластыққа қол жеткізетін орын - М. Мырзағалиев (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Атакент» Іскерлік ынтымақтастық орталығында 23-ші Қазақстандық Халықаралық KIOGE-2015 «Мұнай және Газ» көрмесі мен конференциясы басталды.

KIOGE-2015 көрмесі келешегі бар жобалар бойынша өзара уағдаластыққа қол жеткізетін орын - М. Мырзағалиев (ФОТО)

Оған әлемнің 25 елінен 350-ден астам компания қатысуда. Олар 12 бөлім бойынша, яғни барлау мен өндіруден бастап, қайта өңдеу және консалтингке дейін өз экспозицияларын қойған.

Өзінің алғы сөзінде ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев KIOGE халықаралық көрмесінің энергетика саласында өзінің айрықша орны бар екендігін айтты.

«KIOGE-2015 халықаралық көрмесі келешегі бар жобаларды жүзеге асыру бойынша өзара уағдаластыққа қол жеткізетін орын. Ол мұнай және газ саласының тиімді дамуына айрықша үлес қоса алады. Сонымен қатар, бұл көрме алаңы жаңа технологиялық шешімдермен танысуға, өзара тәжірибе алмасуға, мұнай мен газ нарығында қолайлы іскерлік жағдай жасауға мүмкіндік береді. Ал ҚР Энергетика министрлігі осы саладағы келешегі бар игі бастамаларға қолдау көрсетуге қашанда дайын », - деді М. Мырзағалиев.

Айта кетелік, 2016 жылы «Мұнай және Газ» KIOGE халықаралық көрмесі мен конференциясы Global Oil & Gas деген жаңа брендпен өтетін болады.

Ал бүгін ашылған көрме мен конференция 9 қазанға дейін жалғасады.