Киото хаттамасы күшіне енсе, елімізге тартылатын инвестиция көлемі жылына 400-ден 700 миллион долларға дейін жетеді ? Қоршаған ортаны қорғау министрі

АСТАНА. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Киото хаттамасы күшіне енетін болса, елімізге тартылатын инвестиция көлемі жылына 400-ден 700 миллион АҚШ долларына дейін жететін болады.
None
None
Осылайша біз осы хаттама негізінде 2-3 жылдың ішінде 1,5 миллиард еуро тартатын боламыз. Бұл туралы бүгін ИСО14001 стандарттарын енгізу мәселесіне байланысты журналистермен кездесуі барысында Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бұның барлығын да біз өткен жылы, яғни ИСО14001 стандарттарын енгізу мүмкіндігіне ие болған кезде өз міндетімізге алған болатынбыз», - дейді министр.Оның сөзіне қарағанда, Киото хаттамасы ратификацияланған соң бізде қалдықсыз, таза даму тетігі іске қосылады. «Бұл қоғамды көптен бері толғандырып келген мәселе. Аталмыш жүйемен бүгінде Қытай, Үндістан, өзге де көптеген мемлекеттер жұмыс істеуде. Бұл дегеніңіз, өзгелердің еліміздің қоршаған ортаны қорғау саласына деген қызығушылығын арттыру. «Қазірдің өзінде Еуропалық қайта құру және даму банкі елімізде жылу сорғыларын құрастыратын зауыт салу туралы ұсыныс жасап отыр. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, бүгінгі таңда Швеция мен Финляндияда жылу мен ыстық судың 50 пайызы осы жылу сорғыларымен қамтамасыз етілген. Бұл болашағынан зор үміт күттіретін бағыттардың бірі. Ал мемлекет аумағы өте кең Қазақстан үшін ол екі есе маңызды», - деді Н.Ысқақов.
Соңғы жаңалықтар