Кипр ЕҚЫҰ Мемлекет басшыларының саммитін өткізу туралы Қазақстанның бастамасын қолдайды - Кипр Елшісі
қпанның 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Кипр Республикасы биыл Астанада ЕҚЫҰ-ға мүше елдер Мемлекет басшыларының саммитін өткізу туралы Қазақстанның бастамасын қолдайды.
Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевқа сенім грамотасын тапсырғаннан кейінгі брифингте Кипр Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Петрос Кесторас айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Брифингте Қазақстанды ағымдағы жылғы ЕҚЫҰ-ның төрағасы болуымен құттықтаған П. Кесторас: «Кипр Қазақстанның аталмыш ұйымға төрағалығын қолдаған елдердің тізімінде болды. Сондықтан осынау күрделі міндетті орындауда Қазақстанға табыстар тілеймін. Бұдан бөлек Кипр Республикасы Қазақстанның ЕҚЫҰ аясындағы қабылдап жатқан бастамаларын, сондай-ақ Мемлекет басшыларының саммитін өткізу жөніндегі бастамасын қолдайды», деді.