Кипр Гран-приі: Бибісара Асаубаева қатарынан екінші рет жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Кипр Гран-приінің төртінші кезеңінің екінші күнінде тағы бір қарсыласын жеңіп, жанкүйерлерін қуантты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Кипр Гран-приі: Бибісара Асаубаева қатарынан екінші рет жеңіске жетті

Жарыстың сегізінші турында блицтен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева грузин шахматшысы Белла Хотенашвилиді ұтты. Бұл жеңістен кейін қазақстандық ойыншы 4 ұпай жинап, турнир кестесіндегі орнын сәл жақсартты.

Тоғызыншы айналым басталар алдында Бибісара Грузия өкілі Нана Дзагнидземен 7-ші және 8-ші орындарды бөлісіп тұр. Никосия қаласында өтіп жатқан әйелдер Гран-приінің финалдық кезеңіне барлығы 12 шахматшы қатысуда, олар бір-бірімен айналмалы жүйе бойынша ойнайды.

25 мамырда осы жарыстардың келесі кезеңі өтіп, онда Б.Асаубаева поляк спортшысы Оливия Киолбасамен кездеседі.