Кипр Қазақстанды өте маңызды әріптес деп есептейді - Кипр Елшісі
қпанның 11-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Кипр Қазақстанды өте маңызды әріптес деп есептейді. Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевқа сенім грамотасын тапсырғаннан кейінгі брифингте Кипр Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Петрос Кесторас осылай мәлімдеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан мен Кипр арасындағы дипломатиялық байланыс 1992 жылы орнады. Содан бері біздердің қарым-қатынасымыз барлық салалар мен бағыттарды қамти отырып тұрақты дамып келеді. Біздердің саяси байланыстарымыздың сапасы жоғары деп айтуға болады. Себебі, Кипр Республикасы Қазақстан Республикасын өте маңызды әріптес деп есептейді», деді брифингте П. Кесторас.
Елшінің айтуынша, Кипр үшін Қазақстанмен барлық салаларда екі жақты қарым-қатынасты дамыту және нығайту басымдық болып табылады. «Сондықтан, біздердің екі жақты байланыстарымызды дамыту қажет», деді ол.