Кипр президентінің үйі жанынан жарылғыш зат табылды

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кипр президенті Димитрис Христофиастың Лимассол қаласы сыртындағы Киллаки елді-мекенінде орналасқан үйі жанынан жарылғыш зат пен детонатор табылды. Республика басшысы бүгін резиденциясына баруды жоспарлаған еді, алайда ол сапардан қауіпсіздік мақсатында бас тартты деп хабарлады «РИА Новости».

Кипр президентінің үйі жанынан жарылғыш зат табылды

Биылғы жылдың мамыр айында Христофиас екінші мерзімге сайлауға түспейтінін жөнінде жариялаған болатын. Оның өкілеттігі 2013 жылдың ақпанында аяқталады. Егер саясаткер өз сөзінде тұрса, Кипр тарихындағы екінші рет сайлауға түспеген алғаш президент болып қалмақ.