Кипр және Арменияға қарсы ойнайтын Қазақстан командасының құрамы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кипр құрамасына қарсы өтетін жолдастық кездесуге және 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Армения құрамасына қарсы ойнайтын Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұл туралы бүгін Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты жариялады.

Қазақстан құрамасына шақырту алған футболшылардың тізімі:

Қақпашылар: Давид Лория («Ертіс»), Стас Покатилов («Қайрат»), Алмат Бекбаев («Ордабасы»).

Қорғаушылар: Дмитрий Шомко («Астана»), Юрий Логвиненко («Астана»), Александр Кислицын («Ертіс»), Гафуржан Сүйімбаев («Қайрат»), Сергей Малый («Тобыл»), Виктор Дмитренко («Тобыл»), Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»), Григорий Сартаков («Тобыл»),

Жартылай қорғаушылар: Серікжан Мужиков («Астана»), Исламбек Қуат («Қайрат»), Бауыржан Исламхан («Қайрат»), Георгий Жуков («Қайрат»), Максат Байжанов («Қайсар»), Азат Нұрғалиев («Ордабасы»), Мардан Толебек («Ордабасы»), Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Асхат Тағыберген («Тобыл»),

Шабуылшылар: Роман Муртазаев («Астана»), Таңат Нөсербаев («Ордабасы»), Алексей Щеткин («Тобыл»), Сергей Хижниченко («Шахтер», Солигорск).

Бас бапкер: Александр Бородюк

Жерлестеріміз Кпирге қарсы жолдастық кездесуді 22 наурыз күні Ларнака қаласында өткізетін болса, Армения құрмасына қарсы ойын 26 наурыз күні Ереванда өтеді.

Соңғы жаңалықтар