Кипрде жаңа үкімет құрылды

АСТАНА. 5 тамыз. ҚазАқпарат - Кипр Президенті Димитрис Христофиас елдің жаңа үкіметін құрды, деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.

Кипрде жаңа үкімет құрылды

Жаңа үкімет Кипрде болған саяси дағдарыстан кейін тағайындалды. Президент 2011 жылдың 11 шілдесі күні болған өрт кезінде оқ-дәрілерге қатысты жағдай бойынша билікті қателігі үшін қатты сынға алған болатын. Оқиға салдарынан 13 адам қаза тауып, елдегі ең ірі электрстанса қираған еді, соның салдарынан Кипр экономикасына елеулі шығын келген.

Содан кейін ел үкіметі отставкаға кеткен.