Кипрдің арнайы жасағы A320 ұшағын басып алған адамды ұстады

АСТАНА. Мысырдың EgyptAir әуе компаниясының А320 ұшағын басып алған адамды Ларнаки әуежайында арнайы жасақ қамауға алды, деп хабарлайды Кипрдің сыртқы істер министрлігі.

Кипрдің арнайы жасағы A320 ұшағын басып алған адамды ұстады

Би-Би-Си агенттігінің хабарлауынша, операция алдында ұшақтағы кепілге алынғандардың барлығы босатылған. Арнайы таратылған видеода ұшақтың жанында қарулы арнайы жасақтың 20 қызметкері және бронетранспортер тұрғаны көрсетілді.

Сондай-ақ, ұшақтың айналасында ыңғайлы орындарға снайперлер жайғасып, кепілге алғандарды босатуға әзірленіп отырған.

Сейсенбі таңертең Александриядан Каирге бет алған MS181 рейсі әуеге көтерілісімен кепілге алынған. Кейін Кипрдің Ларнаки әуежайына қонуға мәжбүр болды.