Кипрдің жағажайлары ең таза деп танылды
МӘСКЕУ. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат – Кипр 2008 жылы Еуропадағы жағажайлары ең таза ел деп танылды.
Бұл туралы Еурокомиссияның және Еуропалық қоршаған ортаны қорғау агенттігінің баяндамасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап. Кипрдегі 111 жағажай ? яғни барлық санының 98 пайыздан астамы еуропалық нормаларға сәйкес келеді. Кипрден кейін еуропалық рейтингі бойынша Грекияның, Францияның және Мальтаның жағажайлары экологиялық жағынан таза болып танылып отыр.