Кипрлік футбол командасының аяқ киімдері ұрланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұрылар Кипрдің Фамагуст қаласының «Неа Саламина» футбол клубының спорт киімдерін ұрлап кеткен. Команда келесі кездесуі алдында қиыншылыққа тап болды, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Кипрлік футбол командасының аяқ киімдері ұрланды

Клуб басшылығының айтуынша, Ларнактағы киім ауыстыратын бөлмеден 70 жұп бутсы мен төрт қақпашы қолғабы ұрланған.

Әр аяқ киімнің жұбы 200 еуро, қолғап - шамамен 100 еуро тұрады. Клубқа келген жалпы шығын көлемі 14 мың еуро.

Полиция ұрылар бөлменің терезесінен кірді деп отыр.

«Неа Саламина» келесі кездесуін алдағы жексенбіде Лимасол қаласының «Арис» клубымен өткізеді. Команда басшылығы алаңға спортшылар не киіп шығатынын айта алмай отыр.