20:02, 18 Тамыз 2025 | GMT +5
Қырғыз әуе компаниясының ұшағы Внуково әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды
АСТАНА. KAZINFORM – Қырғызстанның Aero Nomad Airlines әуе компаниясының Airbus A320 ұшағы техникалық ақау салдарынан Мәскеудің Внуково әуежайына шұғыл қонды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
SHOT telegram телеарнасының хабарлауынша, кабинаға ауа жіберетін құрылғыдан ақау шыққан. Борт Мәскеуден Ош қаласына бара жатқан. Алайда Внуково әуежайына қонуға шешім қабылдаған. «Қырғызстан әуежайлары» ААҚ баспасөз қызметі осы оқиғаға байланысты пікір білдірді.
-Борт жерге сәтті қонды, ешкім зардап шеккен жоқ. Ұшақ жөнделіп жатыр. Жолаушылар қауіпсіз жерде. Ұшақ жөнделген соң Ош қаласына ұшады,-деді «Қырғызстан әуежайлары» ААҚ баспасөз хатшысы Алена Хоменко.
Осыған дейін Қырғызстанда көлік саны 1,8 миллионға жақындағаны туралы жаздық.