Қырғыз президенті халықтық құрылтай делегаттарын туды өзгерту бастамасын қолдауға шақырды

Садыр Жапаров
Фото: пресс-служба Президента КР

Қырғызстан астанасында Садыр Жапаровтың қатысуымен өткен екі күнге созылған екінші Халық құрылтайы аяқталды. Жұмысты қорытындылаған Мемлекет басшысы жиын делегаттарын туды өзгерту бастамасын қолдауға шақырды, деп хабарлайды Kazinform.

Ел президенті мемлекеттік туды өзгерту бастамасы өзіне тиесілі екенін айтты. Бұл мәселені қарау оның құзыретіне кірмейтіндіктен, ол Жогорку Кенеш спикері Нұрланбек Шәкиевке жүгініп, ту авторларымен талқылауды сұраған.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл ұсынысқа шетелдік делегациялар мемлекеттік рәміздің бейнесін күнбағыспен салыстырып, дұрыс түсінбеуі себеп болған. 

Сонымен қатар, үлкен шығындарды қажет етпейтінін және айтарлықтай өзгерістер болмайтынын атап өтті.

- Үлкен қаржылық шығындар талап етілмейді. Төлқұжаттар мен көлік нөмірлерін өзгертудің қажеті жоқ, олардың жарамдылық мерзімі біткен сайын біртіндеп ауыстырылады. Ең алдымен елшіліктер мен дипломатиялық өкілдіктерде, кейін министрліктер мен ведомстволарда тулар ауыстырылады. Бұл көп ақшаны қажет етпейді. Парламент спикерінің айтуынша, бұл шығындарды демеушілер өтей алады. Бастапқы шығындарға жеке қаражат бөлуге дайынмын. Бүгін осы бастаманы, әсіресе жастарға қолдау көрсетулерін сұраймын. Біз толық өзгертуді ұсынбаймыз, тек туымызды жақсартқымыз келеді, - деді Садыр Жапаров.

Еске салайық, 15-16 желтоқсанда Бішкекте екінші Халық Құрылтайы өтіп, оған 700 делегат, оның ішінде республиканың барлық облыстарынан 640 адам, этнос өкілдерінен 30, шетелдегі еңбек мигранттарынан 30 делегат қатысты. Сондай-ақ Жогорку Кенеш депутаттары, министрлер кабинетінің мүшелері, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жетекшілері атсалысты.

Соңғы жаңалықтар