Қырғыз Республикасының президенті жұмыс сапарымен Қазақстанға жолға шықты

Қырғыз Республикасы Президентінің
Фото: Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз қызметі

2 қарашада Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров 3 қарашада өтетін Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшылары Саммитінің кезекті отырысына қатысу үшін Қазақстан астанасына жолға шықты, деп хабарлайды Kazinform агентігінің меншікті тілшісі. 

ҚР Президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Саммит аясында мемлекет көшбасшылары ұйымның күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерді талқылап, Астана актін және жан-жақты серіктестіктің негізгі бағыттарын қамтитын Саммиттің қорытынды Декларациясын қабылдайды.

Ресми делегация құрамында Қырғыз Республикасы сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев, Қырғыз Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Дастан Дюшекеев, Экономика және коммерция министрі Данияр Амангелдиев, Төтенше жағдайлар министрі Бообек Ажикеев пен Президент әкімшілігі сыртқы саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары Талғат Аширбеков бар.

Соңғы жаңалықтар