Қырғызстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болып сайланды

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды, деп хабарлайды ресейлік ТАСС.

Кыргызстан впервые вошел в Совет Безопасности ООН
Фото: ТАСС

БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында өткен дауыс беру барысында Қырғызстан Қауіпсіздік Кеңесіндегі орын үшін Филиппин мемлекетімен бәсекеге түсті.

Төрт кезеңнен тұрған дауыс беру қорытындысында Қырғызстан Бас Ассамблея мүшелерінің қажетті үштен екі дауысын жинады.

Соңғы кезеңде Қырғызстанды 142 мемлекет қолдады.

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелері ретінде Аустрия, Зимбабве, Португалия және Тринидад Тобаго да жұмысын бастайды.

Олар өкілеттік мерзімі 2026 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын Мысыр, Дания, Пәкістан, Панама, және Сомали елдерінің орнын басады.

Бұған дейін Қырғызстан әлем көшбасшыларын елдің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне кандидатурасын қолдауға шақырды