Қырғызстан БҰҰ Жарғысына түзетулер енгізуді ұсынбақшы
БІШКЕК. KAZINFORM – Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бұл туралы «Кабар» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі.
Садыр Жапаров елдің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысының бөлігі ретінде ілгерілетуді көздеп отырған бастамалары туралы баяндады.
- Қыркүйек айында біз Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысына түзетулер енгізу бойынша өте маңызды ұсыныстар енгіземіз. Ұйымның беделін жоғары деңгейге көтеруіміз керек. БҰҰ шешімдерін әрбір мемлекет қатаң орындауы тиіс, - деп атап өтті Қырғызстан президенті.
Ол сондай-ақ түзетулер енгізу бойынша басқа да көптеген ұсыныс жасалатынын атап өтті. Бұдан басқа, Садыр Жапаров сұхбатында Қырғызстанды қолдағаны үшін осы елдердің басшылары мен дипломаттарына алғыс білдірді.
Еске сала кетсек, 2026 жылдың 3 маусымында Қырғызстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды,