Қырғызстан елге полиэтилен пакеттерін кіргізуге уақытша тыйым салмақшы

АСТАНА.KAZINFORM - Қырғызстан елге полиэтилен пакеттерін әкелуге уақытша мораторий енгізуді көздеп отыр, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

 полиэтиленовые пакеты
Фото: 4kids.az

Үкіметтің тиісті қаулысы қоғамдық талқылауға шығарылды.

Қырғыз Республикасы Ұлттық статистикалық комитетінің мәліметі бойынша, 2024 жылы елде 707 тоннадан астам этилен полимерлі қапшық өндірілді, оның 1,6 миллион тоннасы импортталады, бұл көрсеткіштің негізгі үлесі Қытайға (1,4 миллион тонна) тиесілі.

Бастамашылар полиэтилен пакетін пайдаланудың орташа уақыты небәрі бірнеше минутты құрайтынын, ал оның ыдырау кезеңі бірнеше ғасырға созылатынын атап өтті. Бұл табиғи экожүйені бұзатын және осындай аумақтардың маңында тұратын халықтың өмір сүру сапасын нашарлататын полигондар санының көбею қаупін тудырады.

Қалыңдығы 20 мкм және одан төмен полиэтиленді қаптарды қайта өңдеу ресурсты 3-4 есе көп қажет етеді, сондықтан оларды жинау және қайта өңдеу кезінде қиындықтар туындайды. Тыйым салуды енгізу ауыртпалықты азайтуға, халықтың денсаулығын қорғауға және экологиялық таза баламалардың дамуын ынталандыруға көмектесуі мүмкін.

Айта кетейік, 2023 жылы елде 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап полиэтилен пленкалы пакеттер мен пластик бұйымдарды әкелуге, өндіруге, сатуға және тегін таратуға тыйым салуды қарастыратын заң қабылданған болатын.

Соңғы жаңалықтар