Қырғызстан Мәскеу моншасында мигранттармен болған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады

АСТАНА. KAZINFORM — 10 сәуірде Мәскеудегі «Бодрость» монша кешенінде Қырғызстаннан келген бір топ еңбек мигранты күшпен ұсталды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

В Кыргызстане сделали заявление по инциденту с мигрантами в бане в Москве
Фото: Видеодан скрин

Қырғызстан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, 14 сәуірде Ресейдің Қырғыз Республикасындағы елшісі Сергей Вакуновқа ресми нота тапсырылған. Онда құқық қорғау органдары жүргізген операцияның, сондай-ақ Қырғызстан азаматтарына қарсы күш қолданудың негіздемесін беруді және күш қолдану негізсіз болған жағдайда Мәскеу өкілдеріне осы оқиғаға қатысты тиісті шара қолдануды сұраған.

Қырғыз тарапы ел азаматтарының құқықтарын қорғау және Қырғыз-Ресей одақтастық және стратегиялық әріптестік қатынастарына нұқсан келтіруі мүмкін осындай жағдайдың қайталануын болдырмау үшін тиімді шаралар қабылдауға шақырды.

Қырғыз Республикасының Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрлігі бұл оқиғаны мұқият тексеру қажеттігін алға тартты.

Ведомствоның мәліметінше, Мәскеу моншасында рейд кезінде 59 қырғыз азаматы болған, оның 24-і ұсталған. Қазіргі уақытта Қырғызстанның екі азаматы уақытша ұстау изоляторында отыр. Министрліктің Мәскеудегі өкілдігі зардап шеккен отандастарға жедел түрде жан-жақты қолдау көрсетіп жатыр.

— Зардап шеккендерге құқықтық рәсімді бастау үшін ресми арыз беру мүмкіндігі ұсынылды. Алайда, зардап шеккендер жеке себептерге байланысты арыз беруден бас тартты. Ведомство өкілдігі процестік әрекеттер жүргізіліп жатқан Қырғыз Республикасының азаматтары Н.М. және А.С.-ға құқықтық қолдау көрсетіп жатыр. Мәскеу қаласының Солтүстік әкімшілік округі бойынша Ресей Федерациясы ІІМ басқармасымен өзара іс-қимыл қолға алынды, — делінген хабарламада.

Қырғыз Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Қырғыз Республикасы Еңбек министрлігінің өкілдігі ҚР Бас прокуратурасына, Ішкі істер министрлігіне, Мәскеу қалалық прокуратурасына, Ресей Федерациясындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіліне, сондай-ақ Ресей Федерациясының заңнамалық актілеріне сәйкес оқиғаны қабылдау бойынша басқа да құзыретті органдарға ресми өтініштер тізімін жіберді.

Сәуірдің 14-і күні Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кенешінің Халықаралық істер, қауіпсіздік және көші-қон комитетінің отырысында Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев Мәскеу моншасындағы қырғыз азаматтарына қатысты атышулы іс одан әрі келіссөздер жүргізуге және ультиматумдар қоюға жағдай туғызатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, биыл ақпан айында Қырғызстан Ресей Федерациясына өз мигранттарының тұруына қатысты дипломатиялық нота жолдаған болатын.

Соңғы жаңалықтар