Қырғызстан мектептер мен ауруханалар тапшылығын қашан толық шешеді
АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстан билігі мектептер мен ауруханалардың жетіспеушілігін 2028 жылға дейін шешуді көздеп отыр, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі.
Бұл туралы Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Бішкек Арена» жаңа стадионының ресми ашылу салтанатында мәлімдеді.
Қырғызстан басшысының айтуынша, ел экономикасы 2021 жылдың соңынан бері тұрақты өсім көрсетіп келеді. Соңғы үш-төрт жылда жалпы ішкі өнім жыл сайын кемінде 9 пайыз өскен.
— 2027 жылға дейін 111 мектеп салып, 44 аудандық аурухана бөлімшесінің құрылысын толық аяқтау көзделіп отыр. 2028 жылдан бастап мектептер мен басқа да әлеуметтік нысандардың жетіспеушілігі болмауға тиіс, — деді Қырғызстан басшысы.
Бұған дейін Қырғызстанда мамандандырылған мектептер ашылатыны туралы жазған едік.