Қырғызстан мен Қытай энергетика саласы бойынша ынтымақтастықты дамытуда

Қырғызстан мен Қытай энергетика саласы бойынша өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Қырғызстан
Фото: КАБАР

Қырғызстан Энергетика министрлігінің хабарлауынша, елде жылдық өнімділігі 3,3 млрд киловат-сағатты құрайтын қуаты 600 МВт Каракече жылу станциясын, қуаты 1305 МВт үш станциядан тұратын Сусамыр-Кокемерен МЭС-ын, қуаты 33 МВт Қаракөл МЭС-ін, 360 МВ-тық Кокомерен МЭС-1, қуаты 912 МВт Кокомерен МЭС-2 салу жоспарланып отыр.

Энергетика саласы бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық жөніндегі меморандум Қырғыз Республикасының Энергетика министрлігі мен қытайлық China National Electric Engineering Co.Ltd. арасында қол қойылды.