Қырғызстан мен Өзбекстан зейнетақы өтілін өзара мойындауға келісті

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғыз Республикасының Әлеуметтік қоры мен Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік емес зейнетақы қоры мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

Қырғызстан мен Өзбекстан зейнетақы өтілін өзара мойындауға келісті
Фото: Соцфонд КР

ҚР Әлеуметтік қорының дерегінше, Қырғызстан мен Өзбекстан азаматтары сақтандыру және мемлекеттік зейнетақыларды қосарланған сақтандыру жарналарын төлемей-ақ тең құқықпен алатын болады.

Келісімде мынадай нормалар қарастырылған:

зейнетақы тағайындау үшін сақтандыру өтілін қосу;

азаматтарға зейнетақыны олардың тұрып жатқан еліне қарамастан тікелей төлеу, жеткізу шығындарын ұстамай жүзеге асыру;

қосарланған аударымдарға жол бермеу үшін іссапарлар мен мерзімді ұзартуға қатысты ережелер енгізу.

Аталған келісімнің жүзеге асырылуы екіжақты қатынастарды нығайтып қана қоймай, әлеуметтік және экономикалық ынтымақтастыққа қосымша мүмкіндік береді. Оның ішінде ірі инфрақұрылымдық жобалар аясындағы серіктестікті дамытуға жол ашады.

Бұған дейін Қырғызстанның ірі инвесторларға жағдайды жеңілдететіні хабарланған болатын