Қырғызстан мен Тәжікстан бір шақырымнан астам шекара бөлігін бекітті

жер
Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасының үкіметтік делегациялары Қырғыз-Тәжікстан мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау мәселелері бойынша қосымша 1,11 шақырым мемлекеттік шекара сызығы туралы келісімге келді. Бұл туралы Қырғызстан Республикасының министрлер кабинеті хабар таратты.

«11-18 ақпан аралығында Тәжікстан Республикасының Соғды облысының Бустон қаласында Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасының Үкіметтік делегацияларының шекараларды белгілеу жөніндегі құқықтық мәселелер бойынша топографиялық жұмыс топтарының кезекті отырысы өтті. Қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасын демаркациялау жүргізілді», - делінген хабарламада.

Топографиялық жұмыс топтары қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасының 1,11 шақырымдық сызығы бойынша келісті. Тараптар Қырғыз Республикасының аумағында өтетін келесі кездесуде қалған бағыттарды сипаттау жұмысын жалғастырады. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті хаттамаға қол қойылды.

Естеріңізге сала кетейік, Тәжікстан мен Қырғызстанның 970 шақырымдық ортақ шекарасы бар. Тараптардың кездесулері бір-бірінің аумағында кезектесіп өткізіледі. 2023 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін екі елдің үкіметтері қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасының 110 шақырымнан астамын шегендеді. Топографиялық жұмыс топтарының соңғы отырысы 2024 жылдың ақпан айының басында Қырғыз Республикасының Баткен қаласында өтіп, онда мемлекеттік шекараның 3,71 шақырымы келісілді.

Соңғы жаңалықтар
telegram