Қырғызстан мен Тәжікстан ортақ шекараның 90 пайызы бойынша келісімге келді

шекара
Фото: Pixabay

Баткенде Қырғызстан мен Тәжікстан үкіметтік делегацияларының мемлекеттік шекараны делимитациялау және шегендеу мәселесі бойынша кездесуі өтті. Оның қорытындысы бойынша делегация басшылары Қырғызстан МҰҚК төрағасы Қамшыбек Ташиев пен Тәжікстан республикасы МҰҚК төрағасы Саймумин Ятимов мәлімдеме жасады. Kazinform агенттігі бұл туралы 24.kg басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

С.Ятимовтың атап өтуінше, тараптар екіжақты комиссия жұмысын жүргізіп, өмірлік маңызды мәселелерді талқылаған.

Екі мемлекет арасында ортақ мүдде, ортақ мақсат, демек, ортақ істер бар екенін тағы бір мәрте атап өтіп, оған көз жеткізді.

«Логикалық қорытынды - халқымыздың мүддесі. Бұл – мемлекеттеріміздің қауіпсіздігі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы. Бүгінгі таңда орасан зор жұмыс атқарылды, 120 шақырымнан астам жолға ілгерілеп, осы мәселелерді принципті түрде келістік. Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекараның жалпы ұзындығын алатын болсақ, Қамшыбек Қыдыршаұлы екеуміз мемлекеттік шекараның 90 пайыздан астамы сызылғанын растай аламыз. Біз шынымен де бұл мәселені шешуге жақын қалдық. Комиссия негізгі мәселелерге ерекше жауапкершілікпен қарайды, ол біздің мемлекет басшыларының халықтың ерік-жігерін білдіретін нақты тапсырмаларын орындайды. Сәтті аяқталған жұмыс үшін комиссияға алғыс айтамын», — деді С.Ятимов.

Өз кезегінде Қ.Ташиев әріптесінің сөзін растап, сондай-ақ үкіметаралық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша мемлекеттік шекараның 90 пайыздан астамы бойынша келісімге келгенін мәлімдеді.

Келісілген аумақтар жақын арада сызылады.

«Бізде жақын арада жұмысты аяқтайтын бірнеше учаске қалады. Бұл қандай аймақтар? Қайрагач, Қулунду, Мақсат, Арқа, Арқа-1, Арқа-2, Жаңы-Жерден басталып, Жийделікке дейін. Жұмыс тобы бекітуді толығымен аяқтады. Сонымен қатар, үш мемлекеттің түйіскен жері Қара-Баку, Ляккон бойынша келістік. Осылайша қазіргі уақытта сұрақ туындаған даулы учаскелер бойынша жұмысты аяқтадық. Бүкіл мемлекеттік шекара бойындағы жұмысты аяқтау үшін санаулы кездесу қалды», – деп түйіндеді Қ.Ташиев.

Соңғы жаңалықтар
telegram