Қырғызстан мен Түркия азаматтарының екі ел арасындағы сапары жеңілдетілмек
Бішкектегі Ала-Арча мемлекеттік резиденциясында Сыртқы істер министрлері Жээнбек Кулумбаев пен Хакан Фиданның басшылығымен Қырғызстан мен Түркия делегациялары арасындағы стратегиялық жоспарлау тобының бірлескен алтыншы отырысы өтті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Кездесу кезінде серіктестікті ары қарай дамыту мәселелері, оның ішінде жоғары дәрежедегі өзара сапарлар, экономика, сауда және инвестиция, әскери-техникалық серіктестік, білім беру мен денсаулық сақтау, азаматтардың құқын қорғау және өзара сапарлар мен елде болу тәртібін жеңілдету тақырыбы талқыланды.
Сонымен қатар, тараптар халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты.
9 қаңтарда Қырғызстанға Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан ресми сапармен келгенін еске сала кетейік.