Қырғызстан Президенті стратегиялық маңызы бар ұлттық жобалар туралы жарлыққа өзгерістер енгізді

БІШКЕК. KAZINFORM – Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров «Іске асыруы ел үшін стратегиялық маңызы бар ұлттық жобалар туралы» Президент Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Kazinform Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Садыр Жапаров
Фото: Кабар


Құжатта мемлекеттiк басқару немесе экономиканы дамыту саласына арналған мемлекеттiк бюджеттен толық немесе iшiнара қаржыландырылатын, сондай-ақ мемлекеттiк активтердi салым ретiнде беру жолымен стратегиялық инфрақұрылым объектiлерiн салуға бағытталған инвестициялық жобаларды қолдау мақсатында Қырғыз Республикасы Конституциясының 70, 71-баптарына сәйкес қаулы етілетіні жазылған.

1. «Іске асырылуы ел үшін стратегиялық маңызы бар ұлттық жобалар туралы» Қырғыз Республикасы Президентінің 2023 жылғы 23 наурыздағы № 63 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) 1-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік маңызы бар жобалар – мемлекеттік басқару немесе экономикалық даму саласына арналған мемлекеттік бюджеттен толық немесе ішінара қаржыландырылатын, сондай-ақ мемлекеттік активтерді инвестиция ретінде ұсыну жолымен стратегиялық инфрақұрылым объектілерін салуға бағытталған жобалар.»;

2) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мемлекеттік органдар ұлттық инвестициялық жобаларды және мемлекеттік маңызы бар жобаларды іске асыру үшін кепілдікке, инфрақұрылымдық, фискалдық, әкімшілік қолдауға, өңірлік жобалар үшін жеңілдікті шарттарға негізделген мемлекеттік қолдаудың кешенді әдісін пайдаланады.

3) 4-тармақтағы «мемлекеттік инвестициялардың жобаларына» деген сөздер «мемлекеттік маңызы бар жобаларға» деген сөздермен ауыстырылсын.
Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинетi үш ай мерзiмде өз шешiмдерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн.

Осы жарлық ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң күшіне енеді.