Қырғызстан Түркі инвестициялық қорын бекіту туралы келісімді ратификациялады

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «2023 жылғы 16 наурызда Анкара қаласында қол қойылған Түркі инвестициялық қорын бекіту келісімін ратификациялау туралы» ҚР Заңына қол қойды. Kazinform бұл туралы Кабарға сілтеме жасап хабарлайды. 

Қырғызстан парламентінің бейінді комитеті ел туын өзгерту туралы заң жобасын мақұлдады
Фото: pixabay.com

Заңды Жогорку Кенеш 2023 жылғы 6 желтоқсанда қабылдады.

Заңның мақсаты – Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің экономикалық дамуына өңірішілік сауданы ұлғайтып, экономикалық қызметіне қолдау көрсету арқылы көмектесу.

2023 жылғы 16 наурызда Анкара қаласында қол қойылған Түркі инвестициялық қорын бекіту туралы келісімде Түркі мемлекеттері ұйымының жарғылық капиталы 500 млн АҚШ доллары болатын Түркі инвестициялық қорын құруы қарастырылған.

Қор ТМҰ елдерінде маңызды жобаларды жеңілдете қаржыландыру үшін ресурстық база жинайды.

Соңғы жаңалықтар